Шешенстанда парламент депутатын атып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шешенстанда жергілікті парламент депутаты Магомед Асхабовты өлтіріп кетті, деп хабарлайды «Интерфакс» Солтүстік Кавказ федералды округі әлеуетті құрылымдардың дереккөзіне сілтеме жасап.

Шешенстанда парламент депутатын атып өлтірді

«Асхабовты оның көлігінде белгісіз біреулер атып өлтірдіі», - деді дереккөз.  

Бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ.