Шешенстанда жанкешті бес милиционерді жарып жіберді
АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Шешенстанның Шали ауданындағы Мескер-Юрт ауылында болған лаңкестік салдарынан төрт милиционер мерт болды және біреуі жарақаттанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
«Автомобилді жуу орнында машиналарының жуылуын күтіп тұрған бес милиция қызметкеріне жанкешті-лаңкес жақындап келіп, киімінің ішіне жасырған, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Төрт милиционер табан астында тіл тартпай кетті және біреуі жарақаттанып, ауруханаға түсті», - деп хабарлады Оңтүстік федералдық округының құқық қорғау органындағы дереккөз.