11:41, 22 Шілде 2015 | GMT +5
Шешенстанда жол апаты құрбандарының саны 11-ге жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шешенстан Веденск ауданында шағын автобустың құздан құлау салдарынан қаза тапқандардың саны 11-ге жетті. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
«Газель» көлігінің құздан құлауы салдарынан қаза болғандардың саны 11 адамға жетті», - деді агенттіктен сұхбат беруші. Бұдан бұрын қайтыс болғандар саны тоғыз, алты адам жарақат алды деп хабарланған. Аудандық ауруханада алғашқы көмек көрсетілген олар Шали, Грозный ауруханаларына жатқызылды. Бұдан бұрын республика басшысы Рамзан Қадыров хабарлағандай, шағын автобуста дағыстандық Анди ауылының тұрғындары болған. Ол зардап шеккендерді емдеу үшін білікті дәрігерлерді тартуды тапсырды. Сондай-ақ, Дағыстан басшысы Рамазан Абдулатиповке, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тіледі.