14:00, 26 Сәуір 2011 | GMT +5
Шешенстанның ІІМ автопаркіне 113 млн. рубль қажет болды
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Шешен Республикасының Ішкі істер министрлігі ведомствоның қажеттілігі үшін автомобильдер алуға тендер жариялады. Шешен милиционерлеріне атап айтқанда, 15 Mercedes Е350, Toyota Land Cruiser 200 маркалы 2 джип, 1 Porsche Cayenne, сондай-ақ, Toyota Camry керек болып отыр, деп жазады DH.
Reuters-ке сілтеме жасап, Lenta.ru хабарлағанындай, жоғарыда айтылған көлік құралдары өткен бейсенбі күні кеште мемлекеттік сатып алу сайтына орналастырылған. Тапсырыс беруде байланысатын адам Ваха Исаков болып табылады. Келісім-шарттың бастапқы және максимальды бағасы 113 млн. рубль. Сатып алуды қаржыландыру көзі - 91% дотацияда отырған республикалық бюджет.