Шешім қабылдаудың баяулығы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық жүйесінің баяулығын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Норма шығару мәселелерін қайта қарастыру қажет. Карантин кезінде құқық жүйесінің баяулығы көп кедергі келтірді. Төтенше жағдай режимін енгізіп, төтенше жарлық қабылдауға тура келді. Бірақ мұндай шаралар кризистік жағдайларға жүйелі түрде жауап бере алмайды. Негізгі мәселе – атқарушы билік қызметіндегі шектен тыс заңнамалық регламенттеуде жатыр», - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

Президент министрлер мен әкімдерден талап етілетінін, бірақ олардың құзіреті заңдар мен қаулылардың егжей-тегжейлі нормаларымен шектелгенін атап өтті.

«Бұл мемлекеттік аппараттың ғана емес, Парламенттің де жұмысына жүктеме болады. Оның палаталары детализацияланған нормаларды қарастыруға мәжбүр болады. Мұны атқарушы органдардың құзіретіне беруге де болар еді. Қазіргі өзгермелі әлемде шешім қабылдаудың баяулығы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Сондықтан, құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында заңнаманы өзгерту арқылы құқықтық регламенттеу деңгейлері арасында балансты қамтамасыз ету керек. Мұны кешіктіруге болмайды», - деді Қ. Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялауда.

Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады.


Соңғы жаңалықтар