Шешім қайта қаралмайды: бірінші АЭС-ті Росатом салады
АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздегі бірінші атом электр стансасына салатын мердігерге қатысты шешім өзгермейді. Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктен мәлім етті.

— Консорциум көшбасшы ретінде «Росатом» компаниясының таңдалуы түрлі деңгейде жүзеге асырылды: атом саласының сарапшылары, Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі, Атом саласынг дамыту мәселелері жөніндегі ведмоствоаралық комиссия, бағалау әдістемесін тәуелсіз халықаралық консультант — Assystem компаниясы растады. Ослайша, қабылданған шешімді қайта қарау көзделмейді және бірінші АЭС үшін ағымдағы процесс аясында түпкілікті саналады, — деді агенттіктен БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Бұған дейін «Росатом» компаниясы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жобасы бойынша халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде анықталғанын жазған едік.
Сонымен қатар Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы тағы бір АЭС-ті қытайлық вендер салатынын мәлім етті.