Шет елдегі қазақтар күн сайын жүздеген визаға тапсырыс береді - ҚР СІМ
«Статистикаға сәйкес, 2016 жылы шет елдегі этникалық қазақтарға 81 756, ал ағымдағы жылдың 1 қаңтар мен 15 қыркүйек аралығында 56 440 виза берілді. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелеріне қазақстандық визаларды рәсімдеу үшін күн сайын 300-ден астам этникалық қазақтар өтініш білдіреді», - дейді .
Оның айтуынша, биылдан бастап қандастарымыз үшін бірінші рет өтініш берілсе, бір жылға дейін, екінші рет үш жылға дейін тегін визалар беріле бастады.
Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында Тамара Қасымқызы көші-қон саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдаманың жобасын таныстырды. Аталған құжатта шет елдегі этникалық қазақтармен, олардың ішінде дарынды әрі іскер азаматтармен тығыз байланыс орнатуға да негізгі басымдық берілген. Жоғары білікті мамандарды жеңілдетілген тәртіппен жұмысқа алу жайы да қарастырылып қойған. Министрдің сөзіне қарағанда, көші-қон саясатына қатысты заңнама өзгергелі бері шетелдегі қандастарымыздың елге оралу көрсеткіші өсті.