Шет елдерден әуе рейсімен келген 588 жолаушыдан коронавирус анықталмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 қаңтарда Қазақстан аумағына Италия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, Беларусь Республикасынан 6 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Шет елдерден әуе рейсімен келген 588 жолаушыдан коронавирус анықталмады

878 әуе жолаушысының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 746 адам, анықтамасыз 132 адам келді.
Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 3 рейс, 558 жолаушы, анықтамамен - 443, анықтамасыз - 115;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 181 жолаушы, анықтамамен - 165; анықтамасыз - 17;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 139 жолаушы, анықтамамен - 138; анықтамасыз – 1.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тесті тапсырады, нәтижесі шыққана карантин стационарында күтеді.
17 қаңтарда шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ішінде
барлық 588 жолаушының ПТР талдауы теріс нәтиже көрсеткен.