Шет елдерден қысқы демалыстарға оралатын студенттермен A/H1N1 тұмауы келуі мүмкін - Ж.Досқалиев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір біздің студенттер жаңа жылдық демалыстарға елге оралып жатқандықтан, аталмыш инфекцияның келуі мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Аталмыш ауруды анықтау үшін қазір барлық эпидемиологиялық қызметтер мен денсаулық сақтаудың барлық құрылымдары күшейтілген режімде жұмыс атқаруда», - деп атап өтті министр, бүгін ведомствоның 2009 жылғы жұмысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында.
Ж.Досқалиев Қазақстанда A/H1N1 тұмауын жұқтырудың 19 дерегі (Астана, Атырау және Алматыда) болғандығын еске салып, ақпараттық ортаның дұрыс қойылуы мен азаматтарымыздың сауаттылық деңгейінің жоғары болуы себепті Қазақстанда аталмыш инфекциядан көз жұму оқиғалары болмағандығын айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде A/H1N1 тұмауынан 2345 адам қайтыс болды.