Шет мемлекеттердің мұрағаттық қорларынан ХІІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихына қатысты 35 мыңнан аса мұрағат құжаттары анықталған

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бұл бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік мәдени және ақпараттық саясаттың іске асырылу барысы» атты тақырыпта өткен Үкімет сағаты барысында мәлім болды, 
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлік жұмысының ауқымды бір саласы шетелдегі Қазақстан тарихына қатысты мұрағаттарды елге жеткізуге бағытталды. Бұл бойынша іргедегі Ресей мен Қытайдан бастап, араб-парсы елдеріндегі, Еуропадағы Қазақстан тарихына қатысты мұрағаттар-құжаттар елімізге жеткізіліп, Ұлттық мұрағат қоры толыға түсті», деді М. Құл-Мұхаммед.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, Түркия, Мысыр, Қытай, Ресей (оның ішінде Татарстан, Башқұртстан), Өзбекстан, Армения, Венгрия, Германия, Польша, Франция, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттерінің мұрағаттық қорларынан Қазақстанға қатысты ХІІІ-ХХ ғасырлардағы 35 мыңнан аса мұрағат құжаттары, 300-ден аса тарихи қолжазбалар, жәдігер басылымдар, жүздеген кино-дыбыс-фотоқұжаттар, телесюжеттер, әртүрлі жылдар журналының жүздеген сандары анықталған.   Ал 2001-2007 жылдарда шетел мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен, кітапханаларынан Қазақстан тарихына қатысты 147 мың 377 кадр микрофильм, 16 мың 808 парақ құжат, 785 мұрағаттық іс, 27 шығыс қолжазбасының көшірмесі, 1 мың 819 фотонегатив, 113 түрлі-түсті слайд, 52 киноқұжат, 12 ортағасырлық карта көшірмесі, сондай-ақ 400 мұрағаттық құжаттар жинағы, жәдігер басылымдар, каталогтар, анықтамалықтар Ұлттық мұрағат қорына қосылған.

Соңғы жаңалықтар