Шетел дипломатиялық корпусы Қазақстанда тұрақты түрде тегiн донорлық көмек көрсетiп тұрады

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Шетел дипломаттары қазақстандықтардың өмiрiн сақтау үшiн өз ерiктерiмен қан тапсыруды дағдыға айналдырған.

Шетел дипломатиялық корпусы Қазақстанда тұрақты түрде тегiн донорлық көмек көрсетiп тұрады

Бұл туралы бүгiн Астанадағы "Қан орталығында" Дүниежүзiлiк донорлар күнiне арналған шарада Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкiлi Мелита Вуйнович мәлiм еттi.

Оның айтуынша, шетелдiк елшiлiктердiң жетекшiлерi мен қызметкерлерi Астанада тұрақты түрде қан тапсырып тұрады екен. Дегенмен бүгiн бiрқатар дипломатиялық миссия өкiлдерiнiң денi өздерiнiң бұл адал iсiн жария еткiсi келмегендiктен шараға қатысқан жоқ.

"Қазақстанда тегiн донорлық институтты белсендi дамыту қажет. Себебi қанның қажеттi қорын тек өтеусiз донорлардың күнделiктi қан тапсыруынан ғана жинақтауға болады. Атап өткiм келедi, Қазақстан Республикасында орналасқан дипломатиялық миссиялардың жетекшiлерi мен қызметкерлерi осы елде тегiн донорлар болып табылады. Олардың iшiнен Сербия Елшiсi мен оның орынбасарын, Миграция жөнiндегi халықаралық миссияның басшысын, Франция, Швеция, ОАР Елшiлерiн айта аламын", - дейдi М.Вуйнович.

"Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық әріптестерімен және Қан орталығымен көп жылдар бойы бiрге жұмыс жасап келедi. Мен бүгiн барлық медицина қызметкерлерi мен донорларды Дүниежүзiлiк донор күнi мересiмен құттықтаймын", - деп атап өттi М.Вуйнович.

Шараға донорлар, медицина қызметкерлерi, дипломатиялық корпус өкiлдерi мен қоғамдық ұйымдар, байкерлер және жас велошабандоздар қатысты.