Шетел валютасына сұраныс төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда айырбастау пункттерінде қазақстандықтар арасында танымал АҚШ доллары, еуро және Ресей рублінің таза сатылымы 2,4 трлн теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,4 пайызға аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Ranking.kz порталының мәліметінше, айырбастау пункттеріндегі шетел валютасын таза сатылымының 1,8 трлн теңгеден астамы АҚШ долларын құрады. Ал 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда сатылым көлемі 10,1 пайызға төмендеді. Одан кейін сатылым көлемі 7,4 пайызға, 301,9 млрд теңгеге дейін төмендеген еуро тұр. Ресей рублінің таза сатылымы бірден 2,7 есе, 281 млрд теңгеге дейін қысқарды.

Өңірлер бойынша айырбастау пункттерінің АҚШ долларын таза сатылымының жартысынан астамы тек екі мегаполистің үлесіне тиесілі: Алматы мен Шымкент. Бұл ретте Алматыда таза сатылым көлемі бір жылда 35,5 пайызға өсіп, 712,1 млрд теңгені құраса, Шымкентте керісінше 2 есеге жуық азайып, 297,2 млрд теңге болды.

Айырбастау пункттерінің АҚШ долларын таза сату көлемі Астана (103,5 млрд теңге), Атырау (102,2 млрд теңге) және Маңғыстау (101,9 млрд теңге) облыстарында да айтарлықтай жоғары.

Айырбастау пункттерінде еуроның таза сатылымының жартысынан көбі үш мегаполистің үлесіне тиді: Алматы (96,7 млрд теңге), Астана (41,3 млрд теңге) және Шымкент (34,4 млрд теңге). 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында еуроға айтарлықтай сұраныс Батыс Қазақстан облысында байқалды. Оның сатылымы 27,3 млрд теңгеге жетті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 3,3 есе көп.


Соңғы жаңалықтар