Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2795,9 млрд. теңгеге жетті - Г. Марченко

АЛМАТЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Қаңтарда заңды тұлғалардың депозиттері 5671,1 млрд. теңгеге жетті, ал жеке тұлғалардың депозиттері 3402,4 млрд. теңгені құрады.
None
None

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда қаржы нарығындағы ахуалға арналған баспасөз мәслихатында айтты.

Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2795,9 млрд. теңгеге жетіп, 4,2 пайызға өсті. Оның ішінде заңды тұлғаларда - 7,6 пайызға, жеке тұлғаларда 0,6 пайызға артты. Ал ұлттық валютада 6277,6 млрд. теңгені құрап, 0,5 пайызға төмендеді. Соның нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 70,2-ден 69,2 пайызға дейін кеміді.

Бас банкирдің айтуынша, банктердегі халықтың салымдары резидент еместерді қоса есептегенде қаңтарда 3438,5 млрд. теңгені құрап, 0,9 пайызға өсті. Халықтың салымдары құрылымында теңгедегі депозиттер 2093,6 млрд. теңге болса (1 пайыз), шетел валютасындағы депозиттер 1344,9 млрд. теңгеге (0,6 пайыз) жетті. Халық салымдарының құрамында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 60,8-ден 60,9 пайызға ұлғайды.

Соңғы жаңалықтар