Шетелде қалған болашақтықтар мемлекет қаржысын өз еріктерімен қайтаруда - Мелдешов

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасымен білім алып, шетелде қалып қойған 155 адам бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Жанболат Мелдешов мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жалпы, 2005 жылдан бастап стипендия саны күрт өсіп, 3 мыңға дейін жетті. Сол 2005 жылдан бері диплом алып, білім алған елінде қалып қойған 155 адам бар. Олардың қарыздары шамамен 1,9 млрд. теңгені құрайды. Оның шамамен 500 млн. теңгесі қайтарылды. Яғни, бұл адамдардың ақшаны қайтарып беруінде ешқандай проблема туындап отырған жоқ», - деді Мелдешов БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, олар шетелде жақсы жұмыс тауып, уақытша тәжірибе жинақтау үшін қалуы мүмкін.

«Алдағы уақытта олардың шетелде мол тәжірибе жинап Қазақстанға оралатындығына үміт артамын», - деді орталық президенті.

Соңғы жаңалықтар