Шетелде Қазақстанның қандай тауарлары танымал

АСТАНА. KAZINFORM – Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев шетелдік сауда платформаларында сұранысқа ие қазақстандық тауарлар туралы айтып берді.

Арман Шаққалиев
Фото: primeminister.kz

«Қытайда ең алдымен, Қазақстанның тамақ өнімдері танымал, олар – бал, кондитерлік өнімдер және алкогольді сусындар. Тағам тауарлары электронды платформаларда танымал және сұранысқа ие», — деп жауап берді Арман Шаққалиев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Басқа елдер бойынша министр әр мемлекетте әртүрлі тауарлар сұраныста екенін жеткізді.

«Жалпы алғанда, халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік, қолөнермен байланысты бұйымдарымыз танымал. Қолдан жасалған бұйымдар бойынша қызықты сатылымдар бар. Еуропалық және америкалық нарықтарда зергерлік бұйымдарымыз сұранысқа ие», - деп толықтырды Арман Шаққалиев.

Бұған дейін Сауда министрі қазақстандықтар онлайн дүкендерден қандай тауарларды жиі алатынын айтқан еді.

Сондай-ақ, Арман Шаққалиев Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Wildberries қоймасының өртенуі жөнінде пікір білдірді.