Шетелде оқып жатқан «болашақтықтар» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жолдады
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат -«Болашақ» бағдарламасы бойынша шет мемлекеттерде білім алып жатқан қазақстандық жастар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты 3 сәуір күні өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, хат жолдады. ҚазАқпарат құттықтаудың толық мәтінін назарларыңызға ұсынады.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сайлаудағы табысты әрі жарқын жеңісіңізбен Сізді шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз! Өзіңіз құрған «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары мен түлектері, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұжымы өз Көшбасшысының жеңісін қуанышпен қабылдап, туған жерлерінен жүздеген, мыңдаған шақырым қашықта болса да өз қалауларын жасағандықтарын мақтан тұтады. Құрама Штаттардан Жаңа Зеландияға дейін, Австралиядан Ресейге дейін шетелде оқитын 3000-нан астам болашақтық дауыстарын әрдайым болашақта өз Презитенттерімен болуға берді.
Сіздің басқаруыңызбен заманауи, қарқынды, әлеуметті Қазақстанды бірлесе құру мүмкіндігінің болғанына қуаныштымыз. Басшылық жасауыңызбен еліміз айтарлықтай қысқа мерзімде шикізаттық кезеңнен индустриалдық және техникалық кезеңге батыл қадам жасады. Сіз бастаған реформаны жалғастырып, Отанымыздың жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін әрқашан қолымыздан келгенді жасауға аянбайтындығымызды білдіргіміз келеді.
Сізге ортақ мемлекетімізді гүлдендіру жолында табыстар мен мықты денсаулық тілейміз.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біз әрқашанда өзіңізбен біргеміз!
Аса құрметпен,
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары,
«Болашақ» бағдарламасының түлектері,
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері.