12:34, 05 Маусым 2022 | GMT +5
Шетелде тағы 10 жерде дауыс беру учаскесі жұмысын бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шет мемлекеттердегі қазақстандықтардың референдумға қатысуына мүмкіндік беретін тағы 10 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, София, Афина және Бухаресттегі сайлау учаскелері жұмысқа кірісті. Сондай-ақ, Минск, Брест пен Бакуда сайлау учаскелері ашылды. Вена, Брюссель, Берн және Гаагада да дауыс беру жүріп жатыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жапония мен Кореяда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда өздерінің дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды.
Шетелдегі дауыс беру учаскелері жергілікті уақытқа сай ашылып, референдумға қатысуға ниетті қазақстандықтарды қабылдап жатыр.