Шетелде тұратын қазақстандық суретшілер Астанаға келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың сол жағалаудағы бөлігі бір айға қазіргі заманғы өнер орталығының ошағына айналады. 15 қыркүйек күні мұнда Astana Art Show атты көрме басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат шара ұйымдастырушыларына сілтеме жасап хабарлайды.
Astana Art Show қазіргі Қазақстанның бейнелеу өнері Халықаралық Биенналесінің негізгі шарасы болып табылады. Оған өзін сәтті жүзеге асырған және шетелде әйгілі болған қазақстандық жас суретшілер қатысады. Сонымен қатар, Биеннале аясында Астананың жас суретшілері байқауы, танымал суретшілердің ашық дәрістері мен шеберлік сабақтары өтеді.
20-дан астам суретші халықаралық ірі көрмелерге қатысқан, сондай-ақ шоуға арнайы құрылған жумыстарын ұсынады. Суреттер мен инсталляциаларды келушілер TSE Art Destination галереясында және оның айналасында тамашалай алады.
Көрме қатысушылар арасында танымал замануи өнер шебері - жапондық фотограф Икуру Куваджима, «Мен Обломов» танымал автопортрет сериясының авторы. Сондай-ақ, Лондонда белгілі болған Аза Шаденова өз жұмысын елорда көркемөнер әуесқойларының назарына ұсынатын болады. Жас суретші Әділ Әубекеров Астана тұрғындарына және қонақтарына ғимараттардың бірінің қасбетіндегі жаңа көркем нысанмен қуантатын болады.
«Іс-шаралардың бірінші тақырыбы - «Metamorphosis». Біз бүгін, бейнелеп айтқанда өзіндік тарихты асқақтатудамыз, сондықтан біздің алдымызда үлкен сауалдар туындауда. Олардың арасында - адамға екі соғыстан кейін не қалады, измдардан кейін енді барлығы шамамен айтылғаннан кейін, теориялар теория болып қалды, ал өзгерістер әлі де жоқ. Адамға жеке, қоғамдық, топтық метаморфозаларға оқиға көкжиегінен әрі шығу ғана қалады - айналып келгенде, біздің жауабымыз осы және бұл жауапты мұнда келушілерге осы көрменің аясында талқылауға шақырамыз», - деді көрме кураторы Әсел Ахметжанова.
Astana Art Show салтанатты ашылуында әлемдік деңгейдегі музыкант, арнайы қонақ - Benjamin Skepper (Мельбурн, Аустралия) өзінің перфомансын ұсынады. Benjamin Skepper заманауи технологиялар мен ғылыми инновацияларды пайдалана отырып, эксперименттік музыкалық шығармаларды жаңа көркем тұрғыда жасайды.
Айта кетейік, көрме 15 қыркүйек - 28 қазан аралығында өтеді.