Шетелдегі азаматтарымыздың дауыс беруі жоғары белсенділікпен өтіп жатыр – СІМ

АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Орталық референдум комиссиясында өткен брифингіде  шетелдегі қазақстандықтардың референдумда белсенді дауыс беріп жатқанын айтты.

Шетелдегі азаматтарымыздың дауыс беруі жоғары белсенділікпен өтіп жатыр – СІМ
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 59 мемлекетте 74 учаскелік референдум комиссиясы құрылған болатын. Дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны – 12 307. Сағат 8.15-тегі жағдай бойынша, шетелде26 учаскелік референдум комиссиясы жұмысын бастады. 48 учаскенің ашылуы күтілуде. Жақын арада Орта Шығыс және Еуропа елдерінде орналасқан учаскелер өз жұмысын бастайды», - деді ол. 

Шетелдегі азаматтарымыздың дауыс беруі жоғары белсенділікпен өтіп жатыр – СІМ
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Вице-министр шетелдегі референдум учаскелерінің ішінде ең соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласныдағы учаске ашылатынын айтты.

«Жалпы шетелдегі азаматтарымыздың дауыс беру үрдісі жоғары белсенділікпен өтіп жатқанын байқап отырмыз. Уақыт айырмашылығына байланысты соңғы болып Астана уақытымен сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларындағы және Астана уақытымен сағат 20.00-де Сан Франциско қаласындағы референдум учаскелері жұмысын бастайды», - деді Роман Василенко.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс береді.

Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады: Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе? Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды: «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».

Өздерінің конституциялық құқығын Корея Республикасындағы Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды. 

1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы. 

Соңғы жаңалықтар