Шетелдегі қазақ балаларына дейін Қазақстанға көмек жинап жатыр

қандастар
Фото: видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM — Шетелдегі қандастарымыз Қазақстандағы су тасқынына алаңдаушылық білдіріп, көмек қолын созып жатыр. 

Айталық, Баян-Өлгий аймағының Өлгий сұмынының жалпы білім беретін № 1 мектебінің Жанар Ясымханқызы жетекшілік ететін 6 Б сынып оқушылары су тасқынына ұшыраған аймақтардағы балаларға арнап 200 мың төгрөг ұсынды (1 төгрөг — 0,13 теңге). 

Көмек жинау акциясы жалғасып жатыр. 

Сонымен қатар, Ташкент қазақтары да гуманитарлық көмекке ақша жинап жатыр. 

«Қазақстандағы бауырларымызға жәрдемге қаражат жинай бастадық, қолдан келгенше өз көмектеріңізді беріңіздер» деп жазды Өзбекстан астанасында тұратын белсенді қандастар.  

Соңғы жаңалықтар