Шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, сайлау учаскелерінде 11 360 ҚР азаматы дауыс берді, бұл дауыс берушілердің 88,47%-і.

Айта кетейік, шет елдердегі ҚР мекемелерінің жанынан 53 мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 841 адамнан тұратын 68 учаскелік сайлау комиссиясы ашылған болатын.


Соңғы жаңалықтар