Шетелдегі қандастарға білім грантын көптеп бөлу ұсынылды - Ұлттық кеңес

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов шетелдегі қандастарға көптеп грант бөлуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетелдегі қандастарға білім грантын көптеп бөлу ұсынылды - Ұлттық кеңес

«Бізге қандастар үшін бөлінетін гранттардың санын арттыру керек. Себебі шеттегі қазақтарды отандық Жоғары оқу орындарына тарта білсек, оларды елде қалдыру мүмкіндіктері де арта түседі», - деді Асылбек Қожахметов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында.

Ұлттық кеңес мүшесі сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің ЖОО-ларды автономияландыру бағытындағы жұмысын қолдайтынын жеткізді.

«ЖОО-ларға автономиялық мәртебе беру – олардың жауапкершілігін арттыра түседі. Оларға барлық құзірет берілуі керек», - деді ол.