Шетелдегі қазақша БАҚ өкілдері Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Айтулы күнге орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелде қазақ тілінде ақпарат таратып жүрген БАҚ өкілдерін арнайы алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Отандастар» қорына сілтеме жасап.

Алғыс хатта «Шетелде қазақ тіліндегі бұқаралық ақпарат құралын дамытуға және қандастарымыздың ана тілі мен ұлттық болмысын сақтауына елеулі үлес қосқанына алғыс білдіремін!» делінген.

Осы орайда Отандастар қоры шетелдегі БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста екенін атап өту керек.

Шетелдегі қазақ тіліндегі ақпарат құралдары мен оның демеуші жанашырлары, журналистері ана тілінің сақталуы, ана тілінде ақпарат алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу үшін көптеген қиындықтарға қарамастан аянбай еңбек етіп келеді.

Алғыс хат иегерлері:

Ертолқын Гайнетулла – Kazakh Eli журналының шығарушысы және бас редакторы (Ыстанбұл қаласы, Түркия)

«Омбы қазақтары» газетінің ұжымы – (Омбы қаласы, РФ)

Арқалық Сұлтанов – «Щуские зори» газетінің «Шүйдің нұры» қазақ қосымшасының редакторы (Қосағаш ауданы Алтай Республикасы, РФ)

Гүлдана Нарынбетова – «Кенимех таңы» газетінің бас редакторы (Кенимех ауданы, Науаи облысы, Өзбекстан)

Ғұламзәкір Юсупов – «Нұрлы жол» газетінің бас редакторы және ардагер-журналист (Өзбекстан)

Өмірбек Хабайұлы – Kaznews.mn порталының бас редакторы (Ұлан-Батыр қаласы, Моңғолия)

Гауһар Омарханова – Ирандағы «Қазақ радиосының» редакторы (Иран).


Соңғы жаңалықтар