Шетелден әуе рейсімен ПТР анықтамасыз 451 Қазақстан азаматы келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетелден әуе рейсімен ПТР анықтамасыз 451 Қазақстан азаматы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Шетелден әуе рейсімен ПТР анықтамасыз 451 Қазақстан азаматы келген

18 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына РФ, Түркия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ұлыбритания және Мысырдан 17 халықаралық әуе рейсі келді.
2 382 әуе жолаушыларының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 931 адам, анықтамасыз 451 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 295 жолаушы, анықтамамен - 978, анықтамасыз - 317;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 921 жолаушы, анықтамамен - 787; анықтамасыз - 134;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 165 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тест тапсырды және карантин стационарларында соның нәтижесін күтуде.
17 ақпанында шетелден анықтамасыз келген барлық 415 ҚР азаматының ПТР талдауы теріс нәтиже көрсеткен.