Шетелден келген жолаушылар бұдан былай сауалнаманы электронды форматта толтырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелден келген жолаушылардан сауалнама алу цифрлық форматқа көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімет таратты.

«Шетелден келген жолаушыларға сауалнама жүргізу. Қазір сауалнама қағазға толтырылады, бұл рұқсат етілмейді. Біз оны цифрлық форматқа ауыстырамыз. Веб-ресурс қолжетімді болады, онда қолданушы сауалнаманы алдын ала толтырады. Осыған ұқсас жоба Мальдив аралдарында да сәтті жүзеге асырылды» деп жазды министр Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, соңғы тәулікте шетелден ұшып келген 34 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ болып шықты.



Соңғы жаңалықтар