Шетелдік әскерилер Қазақстан армиясына инспекция жүргізуде (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштерінде Канаданың әскери қызметшілері «көрсетілген ауданды» инспекциялауды жүргізуде. Тексеріске Ақмола және Қарағанды гарнизондарында орналасқан бөлімдер жатады. Ол Астана қаласында бастау алды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Канаданың әскери қызметшілері инспекцияны әуе және жерүсті тәсілдермен өткізеді. Ол үшін әскери-көліктік тікұшақ және автокөлік тартылды. «Инспекцияның мақсаты - хабардар етілетін әскери қызметтің, яғни, армия деңгейінде әскери оқу-жаттығудың болуы немесе болмауы фактісін тексеру. Ол «Сенімділік пен қауіпсіздікті нығайту шаралары жөніндегі 2011 жылғы Вена құжатының» ережелеріне сәйкес өткізіледі», - деп ҚР ҚМ Қару-жарақты бақылау және инспекцияны қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың әскери қызметшілері атап өтті.
Одан басқа, Италия мен Литва өкілдерінің қатысуымен АҚШ-ты бағалау жөніндегі топ Қазақстан аумағында бағалау жөніндегі сапарды өткізуді бастады. Шетелдік әскери қызметшілер жеке құрамның, жыл сайынғы әскери ақпарат алмасу шеңберінде Қазақстан Республикасы ұсынатын қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі жүйелерінің саны туралы деректерді бағалайды. Баға беру бойынша сапар шегу нысаны ретінде Талдықорған қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасы таңдалды. «Мұндай сапарлар өздерінің ұлттық аумақтарында шетелдік әскери инспекцияларды қабылдау ЕҚЫҰ кез келген қатысушы мемлекетінің міндеттемелері туралы Вена құжатына сәйкес өткізіледі», - деп орталықта хабарлады. ЕҚЫҰ әскери-саяси өлшем шеңберінде іс-шараларды орындау ЕҚЫҰ-да Қазақстан қызметінің басымдық бағыттарының бірі болып табылатынын айта кетейік. 


