Шетелдік әуе компанияларына қойылатын талаптар қатаңдайтын болады
Бұл туралы бүгін журналистермен өткен брифинг барысында Инвестиция және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұхтыбаев мәлім етті.
Төраға орынбасарының айтуынша, 2013 жылдан бері шетелдік әуе компанияларына қойылатын талаптарды күшейту бағытында заңнамаға 80-нен астам түзету енгізілген. Соның нәтижесінде көптеген әуе компаниялары қызметін тоқтатса, енді бірінің лицензиясы қайтарып алынды. «Біз бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деді Серік Мұхтыбаев брифингте.
Еске сала кететін жайт, бұған дейін Еуропалық комиссия өзінің ресми сайтында «Эйр Астана» әуе компаниясынан басқа қазақстандық компанияларға еуропаға ұшуларға тыйым салатындығы туралы ақпарат жарияланған болатын. «Қара тізімге» қазақстандық компаниялардың енуіне басты себеп - аудиттің халықаралық стандарттарға сәйкес еместігінде болып отыр.
«Қазақстандық «СКАТ» әуе компаниясы IOSA аудитінен өту үдерістерін аяқтады. Бұл аудитте шамамен 800-ге тарта параметрлер қамтылған. Ал «Эйр Астана» оны бірнеше мәрте өткен болатын», - дейді С. Мұхтыбаев.