Шетелдік БАҚ Президент мақаласына назар аударды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Назарбаев қазақстандықтарды елді реформалау шарасына белсенді қатысуға шақырды. Қазақстанда жемқорлықпен күрес кезең-кезеңімен жүйелі түрде іске асырылмақ. Бүгін бірқатар шетелдік басылымдарда осындай тақырыпта мақалалар жарық көрді, деп жазады «Айқын» газеті.
None
None

Журналистер Елбасының сөзін дәйек ретінде келтіре оты­рып, сараптама жасаған. «Итар-Тасс» ақпараттық агенттігінің тілшісі өз мақаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың жемқорлықпен күреске бағытталған шаралар туралы пікіріне ерекше тоқталған.

Оқырмандарға Қазақстанда мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасы қабылданғанын айта келе, мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгенін жеткізген. Осылай­ша, қазақ елінде мемлекеттік аппарат­тың тиімділігін арттыруға мән беріліп отыр дейді репортер.

Ал «Евроньюстің» Ресейдегі бөлім­шесі алға қойған мақсатқа барын­ша айқын қол жеткізу керек, би­лік жүйелі түрде ха­лықтың ал­дында есеп беруі тиіс деген Елба­сының 5 институттық ре­форманы іске асыруға бағыт­талған кеңесте айтқан сөзін мы­салға кел­тірген.

Тілші мақала соңында Қазақстанның ұлт жоспарында 5 түрлі басым бағыт айқындалғанын жеткізген. Беларусь телеграф агенттігі болса, Қазақстан 2020 жылға дейін тауар тасымалын 2 есеге арттырса, 10 жылдан кейін 50 миллион тоннаға дейін ұлғай­туды жоспарлап отыр деп жазды.

«Бұл ретте Қазақстан Көшбас­шысы мультимодальды «Еуразия­лық транс құрлықтық дәлізін» құру жобасы басталға­нын еске салған. Ол жүктердің кедергісіз транзитін қамтамасыз етеді» делінген мақалада.

Еліміз­дің эко­номикалық дамуға бағыт­талған жоспары да шетелдік басы­лым­дарда көрініс тапты. Мәселен, «Праим» ақпараттық агенттігі «Қазақстан өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция құятын кем дегенде 10 түрлі трансұлттық корпора­цияны тартуды жоспар­лап отыр» деп мәлімдеді. Тіпті қазірдің өзін­де 26 трансұлттық корпорациямен келіссөз жүргізе келе, олардың бірқатарымен нақты келісімге қол жеткізді деп Елбасының мақала­сына тоқталып өткен.

Соңғы жаңалықтар