Шетелдік байқаушы Алматыда өтіп жатқан сайлау жайында пікір білдірді
Шетелдік байқаушы мегаполисте өтіп жатқан сайлау туралы әсерін бөлісті.
«Бәрінен де сайлау процесіне жастармен қатар аға буын өкілдерінің де қатысуы таң қалдырады. Сайлау қарқынды және белсенді өтіп жатыр», - деді Микаэль Левистон.
Бүгін француз байқаушысы 5 сайлау учаскесінде болған, оның бірі Ұлттық кітапханада орналасқан.
«Мен Жаңа Қазақстан үшін дауыс беруге келген адамдарға көп көңіл бөлдім. Және бұл тек 50 және 60 жастағы адамдар ғана емес. Келушілер арасында 18 жастағы азаматтар да бар, мысалы, сайлауға өмірінде бірінші рет келген жігіт те болды. Мемлекеттің өз болашағына сеніммен қарайтыны анық», - деді спикер.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау учаскелеріне келуі үшін бүкіл жағдай жасалғанын, оның көптеген елдерге үлгі екенін атап өтті.