Шетелдік бизнесмендерге инвестициялық виза рәсімделеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров шетелдік бизнесмендерге инвестициялық виза рәсімделетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетелдік бизнесмендерге инвестициялық виза рәсімделеді

«Ел экономикасына бір уақытта үш жүз мың доллардан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге инвестициялық визаны енгізу үшін Көші-қон саясаты тұжырымдамасына және «Халықтың көші-қоны туралы» заңға өзгерістер енгізілетін болады»,- деді ол.

Сондай-ақ, ол жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза кірісінің кемінде 7 проценті «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылатынын еске салды.

«Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту» төртінші бағыты бойынша 9 іс-шараны іске асыру көзделген. Жаңа әкімшілік реформа шеңберінде жеке сектордың кәсіпқойлар үшін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесі барынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қайта қаралатын болады», - деді министр.