Шетелдік бокс фанаттары «Канелоның» Головкинмен емес, басқа қарсыласымен айқасқанын қалайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Talksport.com журналисі Майкл Бенсон өз Twitter-інде мексикалық боксшы Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты жанкүйерлердің кімді қалайтындығын анықтау үшін сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Шетелдік бокс фанаттары «Канелоның» Головкинмен емес, басқа қарсыласымен айқасқанын қалайды

Бенсон дауысқа салу кезінде «Канело» үшін екі нұсқаны көрсеткен — Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші айқас және Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жекпе-жек.

«Алдағы кездесуде «Канело» үшін кімді қалар едіңіз...» — журналист осындай сауал қойған.

Сондерспен жекпе-жек нұсқасы үшін жанкүйерлердің басым бөлігі — 79,6% , ал қыркүйекте өтетін Головкинмен айқасқа небәрі 20,4% дауыс берген. Дегенмен Геннадийдің бапкерінің айтуынша, қыркүйекте жекпе-жек болмайды.