Шетелдік еңбек мигранттарының Қазақстаннан шығарған қаражат көлемі белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жауабында шетелдік еңбек мигранттарының Қазақстаннан шығарған қаражат көлемін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетелдік еңбек мигранттарының Қазақстаннан шығарған қаражат көлемі белгілі болды

«Ұлттық банктің бағалауы бойынша 2019 жылдың 1-жартыжылдығында Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларының Өзбекстан Республикасына аударымдары 60 млн, Тәжікстан Республикасына – 7,4 млн, Өзбекстан Республикасынан ҚР-ның резидент жеке тұлғаларының пайдасына – 17,0 млн, Тәжікстан Республикасынан – 1 млн АҚШ долларын құрады. Төлем балансының деректері бойынша бейрезидент жеке тұлғалардың пайдасына резидент жеке тұлғалардың шетелге ақша аударымдары басым түрде ТМД елдеріне және алыс шетелдің жекелеген елдеріне жіберіледі», - деп атап өтеді Асқар Мамин.