Шетелдік инвесторлар Қазақстанда сақтау қоймаларын көптеп салуды ұсынып отыр

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXV кеңесіне қатысқан «Бейкер және Макензи Интернэшнл» компаниясы Атқарушы комитетінің мүшесі Коэн Ванхарентса Қазақстанда сақтау қоймаларын көптеп

Шетелдік инвесторлар Қазақстанда сақтау қоймаларын көптеп салуды ұсынып отыр

салуды ұсынды.

«Астанадағы әуежайға қонған кезде, сақтау қоймаларының аз екендігін байқайсың. Ал Америка, Еуропа немесе Таяу Шығыста ондай қоймалардың ауданы мыңдаған квадрат метрге дейін барады. Бүгінде Қазақстан көліктік-логистикалық хаб ретінде қалыптасуды көздеп отыр. Бірақ ол үшін қажетті жағдайлар аз», - дейді К. Ванхарентса. Шетелдік инвестор атап көрсеткендей, Қазақстанда тіркелмеген шетелдік тауар өндірушілер Кедендік одақ талаптары бойынша 35 пайызға дейін салық төлеуге мәжбүр. «Қазақстан осы мәселелердің бәрін шешіп, сақтау қоймаларын көптеп салса, шетелдік тауарларды Кедендік Одаққа және Орталық Азияның басқа да мемлекеттеріне сата алады. Міне, осындай жағдайда көліктік-логистикалық хабтың негізі қалыптасады», - дейді К. Ванхарентса.