Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңартуға арналады

СТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңарту мәселесіне арналмақ. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау айтты.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңартуға арналады

«Президент төрағалығымен өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы жаңарту бағдарламасына арналатын болады. Естеріңізде болса, Елбасы істеп тұрған кәсіпорындарға назар аударуды, олардың қызметтеріне сараптама жүргізуді тапсырған болатын», - деді ол.

Сондай-ақ оның атап өтуінше, 9 айды оң нәтижелермен қорытындылаған Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алдында 4-ші тоқсанда аталған кеңеспен қатар ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық байқау-көрмесін өткізу және Индустрияландыру картасы аясында 2-ші жартыжылдықта 80 нысанды іске қосу міндеті тұр.