Шетелдік инвесторларға жеңілдіктер қарастырылған Қазақстан заңы келер жылы күшіне енеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдік инвесторларға жеңілдіктер қарастырылған Қазақстан заңы келер жылы күшіне енеді. Бұл туралы бүгін «Шетелдік жұмыс күшін тарту саласындағы заңнаманы жетілдіру» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
None
None

«Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта Қазақстан елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстарды қолға алуда. Бұл шетелдік инвесторлармен қатар отандық инвесторларға да қатысты. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметімен көші-қон саясаты заңнамасын жетілдіруге бағытталған тұжырымдама әзірленді», - деді ол. Министрдің атап өтуінше, таяуда ел Үкіметі шетелдік инвесторлар үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған ҚР көші-қон заңнамасын жетілдіру тұжырымдамасын Парламент қарауына енгізген. Онда шетелдік инвесторларды корпоративтік табыс салығынан, жер, мүлік салығынан босату, күрделі шығыстарының бір бөлігін өтеу қарастырылған. Сонымен бірге тұрақты салық, экологиялық алым мен төлемдер ставкасын, бір терезе қағидасын енгізу көзделген. «Меніңше, осы жылдың ішінде заң жобасы қабылданатын болады. Ал келесі жылдың басынан бұл заң жұмыс істей бастайды», - деді Т.Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар