Шетелдік компанияда жұмыс істейтін қазақстандық және шетелдік маманның жалақы айырмашылығы 10 есеге жуық

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында шетелдік компанияда жұмыс істейтін қазақстандық және шетелдік маманның жалақы айырмашылығы 10 есені құрап отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Мұрат Бақтиярұлы осылай мәлім етті.

Сенатордың айтуынша, аймақ тұрғындарымен, шетелдік компаниядағы жұмыс жасап жатқан жұмысшылармен және аймақ басшысымен кездесу барысында Қызылорда облысындағы шетелдік жұмыс күшін тартатын компаниялардың шетел және қазақстандық мамандарға жалақы төлеу мәселесіне байланысты үлкен сәйкессіздік (диспропорция) бар екені көтерілген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыстағы шетел жұмыс күшін тартатын компанияларда жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде 9 компанияда лауазымдары мен атқаратын функционалдық міндеттері бірдей қазақстандық және шетелдік қызметкерлердің жалақысында сәйкессіздік (диспропорция) фактісі анықталған. Шетел қызметкерлеріне лауазымдық еңбекақы мен шетелдегі жұмысы үшін аумақтық үстемақысынан басқа, заңмен көзделмеген үстемақы түрлері және сыйақы мен өзге де төлемдер есептелініп төленетіндігі, кейбіреуіндегі жалақы айырмашылығы 10 есеге дейін жететіндігі белгілі болды. Мысалы, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясында жұмыс жасап жатқан қазақстандық учаске шеберінің орташа жалақысы 315 мың теңге болса, шетелдік дәл осы лауазымдағы маманның жалақысы 3 миллионнан астам теңгені құрайды. Мұндай мысалдар өте көп», - дейді Мұрат Бақтиярұлы.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және жұмыспен қамту заңнамаларында сәйкессіздік фактісі орын алған жұмыс берушілерге қатысты әсер ету тетіктері қарастырылмаған.

«Осыған орай, әлеуметтік шиеленістерді болдырмау мақсатында қазақстандық және шетелдік қызметкерлерге еңбек ақы төлеуде үлкен сәйкессіздік және жұмысшылардың 3 айдан астам жалақыға қарызы бар фактілер анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларына және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруден бас тарту шарттарын енгізуді ұсынамыз», - дейді М. Бақтиярұлы.

Соңғы жаңалықтар