Шетелдік компаниялар ешқашан бізге көмек берейік деп келмейді - ҚР Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда әлі күнге дейін өндіріс орындарында қолданылып жатқан шетелдік технологиялардың сапасына ғылыми сараптамалар жасалмай отыр. Бұл бүгін Алматыда "Мұнайгаз өндірісінің ғылыми-технологиялық және экологиялық мәселелерін математикалық модельдеу" деген тақырыппен өтіп жатқан VII Халықаралық қазақстандық-ресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

"Шетелдік компаниялар ешқашан бізге көмек берейік деп келмейді. Бәрінің де көкейін тескен нәрсе қандай жолмен болса да көбірек пайда табу. Өкінішке орай біз күні бүгінге дейін олардың өндірісте қолданып отырған технологияларының сапасын білмейміз. Оған ешқандай да ғылыми сараптамалар жасалмай отыр", дейді ҚР Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті Нәдір Нәдіров. Академиктің айтуынша, егер отандық ғалымдардың ашқан жаңалықтары, жасаған технологиялары өндіріске енбейтін болса Ғылым академиясы мен ғылыми-зерттеу институттарын ұстап тұрудың қандай қажеттіліктері бар. Егер өндіріс орындарының сырттан алып келіп жатқан технологиялары мен құрал-жабдықтары қазақстандықтардың жасағандарынан шынында да озық болатын болса оны жан-жақты талқылап ғалымдардың келісімін алуға мүмкіндік жасасын. Сондықтан да қазір ғалымдар осы өзекті мәселені көтеріп, күн тәртібіне шығаруда. Ол алдағы уақытта өз жемісін беруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар