Шетелдік компаниялардың чартерлік рейстерге тыйым салуынан авиабилеттердің бағасы өспейді - «Kazunion» бас директоры Л. Ғалиева
АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Шетелдік әуе компанияларының чартерлік рейстерді жасауға тыйым салуынан авиабилеттердің бағасы көтерілмейді. Осындай пікірді «Kazunion» туристік компаниясының бас директоры Лаура Ғалиева мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, жазғы маусымда чартерлік тасымал негізінен Анталияға жасалады. Сонымен бірге, 4 қазақстандық әуе компаниясының Түркияға чартерлік рейс жасауға рұқсаты бар және барлық тасымалды өз күшімен жасайтындай жағдайы бар. Чартерлік рейстердің қысқы бағдарламасы Тайланд, БАӘ және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне бағытталған. Сондықтан авиабилеттердің бағасын көтеруге ешқандай себеп жоқ.
Л. Ғалиева, сонымен қатар, чартерлік рейстерді жергілікті тасымалдаушылардың жасау тәжірибесі көптеген елдерде қолданылатынын атап өтті. Қазақстан үшін аталған өзгеріс заң жүзінде қазақстандық әуетасымалдаушылар Түркиядағы тек жазғы демалыс маусымының өзінде қосымша 80 миллион долларға дейін қаржы табатынын көрсетеді.