Шетелдік қызметкер Қазақстанға іссапарға неше күнге келе алады

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО полиция департаментінің өкілдері шетелдік қызметкер Қазақстанға іссапарға неше күнге келе алатындығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелдік компаниялар өз қарамағындағы қызметкерді Қазақстан өңірлеріне іссапарға жібере алады.

Іссапарға жіберу мерзімі 1 күнтізбелік жыл ішінде жиынтықты 90 күннен аспауы тиіс. Егер осы мерзімнен асып кеткен кезде жұмыс беруші шетелдік қызметкер үшін қосымша рұқсат алуы қажет.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмысқа рұқсат тек алынған аймақта ғана жарамды болады. Сонымен қатар жұмыс беруші көші-қон қызметіне шетелдік қызметкердің еліміздің басқа өңірінде болғаны туралы хабарлауға міндетті», - деді департаменттің көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ринат Шкибаев.

Оның айтуынша, көші-қон қызметіне визалық көші-қон порты (vmp.gov.kz) және еQonag.kz. ақпараттық қызметі арқылы онлайн режимде хабарлауға болады. Хабарлама 3 жұмыс күні ішінде берілуі қажет.

Соңғы жаңалықтар