14:54, 27 Қаңтар 2023 | GMT +5
Шетелдік нөмірлі автокөліктер бүгіннен бастап техникалық тексеруден өте алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдік автокөлік құралдарының иелері немесе жүргізушілері 1815 техникалық тексеру орталықтың кез келгенінен міндетті техникалық байқаудан өте алады.
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталған орталықтардың мекенжайлары мен жұмыс уақыты [email protected] («құжаттар» бөлімінде) сайттының тізімінде көрсетілген.
23 қаңтардан бастап елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру іс-шарасы жүріп жатыр.
Шетелден әкелінген көліктер міндетті техникалық байқаудан өткізіледі.