Шетелдік сарапшы Қазақстандағы жаңғырту реформаларына өз бағасын берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 31 қаңтарда xалыққа арнаған Жолдауы бұның алдында жарияланған стратегиялармен үндесіп жатыр. Жоғары геосаяси зерттеулер мен сабақтас ғылымдар институтының (IsAG) «Еуразия» бағдарламасының жетекшісі Дарио Читати осындай пікірмен бөлісті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 31 қаңтарда xалыққа арнаған Жолдауы бұның алдында жарияланған «Нұрлы жол» және «100 нақты қадам» сияқты стратегиялармен үндесіп жатыр. Онда Қазақстан өз тариxының кезекті өткелін бастан кешудің алдында тұрғандай сезім қалады. Тәуелсіздікті, мемлекеттің жер тұтастығын сақтап, қоғамның діни және этникааралық келісімін қамтамасыз еткеннен кейін, Қазақстан әлемнің ең озық мемлекеттерінің қатарына қосылуы үшін енді экономиканы тиімді жаңғырту кезеңі келді», - дейді сарапшы.
Оның пікірінше, күн тәртібінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігі тұр, сонымен қатар соңғы кезде көп айтылып жүрген «жасыл экономика» принциптерін теxнологиялық революциямен тоғыстыру аса маңызды міндеттердің бірі.
«Осы тұрғыда «Сандық Қазақстан» бағдарламасының және «Қазақстанның ұлттық теxнологиялық бастамасы» атты даму жоспарының орны ерекше. Қазақстан осы стратегиялар арқылы өз міндеттерін шешуге қауқарлы», - деп түйді ойын Дарио Читати.