Шетелдік тікелей инвестициялардың таза түсімі 13,1 млрд. доллардан асты

АЛМАТЫ. 7 ақпан. ҚазАқпарат - 2011 жылы шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) Қазақстанға  таза түсімі базалық кезеңдегі 10,7 млрд. доллармен салыстырғанда 13,1 млрд. доллардан асып түсті.

Шетелдік тікелей инвестициялардың таза түсімі 13,1 млрд. доллардан  асты

Бұл туралы  ҚР Ұлттық банкінің Қазақстанның төлем балансының 2011 жылғы алдын ала нәтижелері туралы хабарламасында айтылған.

Алдын ала бағалау бойынша, қаржылық шот бойынша көрсетілген кезеңде 7,2 млрд. доллар болатын нетто-әкету қалыптасты. Шет елге тікелей инвестициялар бойынша 4,4 млрд. доллар болған нетто-әкету акционерлік капиталдың өсуімен қамтамасыз етілді. Бұл ретте акционерлік капиталдың өсуі бұған дейін қазақстандық тікелей инвесторлардан алынған заемдарды өтеуге шетелдік компаниялардың капиталын толықтырумен ішінара байланысты болды.  Қазақстандық компаниялардың өздерінің еншілес шетелдік компаниялар алдындағы міндеттемелерін өтеуімен қатар (негізінен, 1-жартыжылдықта) есепті кезеңнің 3-тоқсанында мұнай-газ секторының жетекші компанияларының бірінің синдицирленген заем тартуы есебінен өсуі байқалады.

Базалық кезеңмен салыстырғанда елге ШТИ-дің нетто-әкелінуінің ұлғаюы негізінен шет елдің қатысуы бар банктердің және банктік емес сектор кәсіпорындарының акционерлік капиталының ұлғаюымен, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың бөлінбеген пайдасының  (қайта инвестицияланған пайда) өсуімен байланысты операциялармен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, тікелей инвестициялау операциялары бойынша оң баланс есепті кезеңде 8,8 млрд. долл. болып бағаланады.

Алдын ала деректер бойынша 12,6 млрд. доллар  болатын қоржындық  инвестициялар бойынша нетто-әкетілу, негізінен ҚР Ұлттық қорының шетелдік активтерінің 11,4 млрд. долларға өсуімен қамтамасыз етіледі. Өткен жылдың екінші-төртінші тоқсандарында Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноттары нарығынан резидент еместердің кетуі Ұлттық банктің ноттарымен операциялар бойынша 0,2 млрд. доллар болатын ресурстың нетто-әкетілуіне әкеп соқты.