Шетелдік туристер еліміздің қай өңірлеріне көп саяхаттайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанға апта сайын 11 мың шетелдік турист келеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«e-Qonaq» жүйесінің сараптамалық деректеріне назар аударсақ, апта сайын Қазақстанға кемінде 11 мың шетелдік турист келеді. Шетелдіктер көбіне Алматы, Астана қалалары мен Маңғыстау облысына саяхаттайды. Тек тамыз айының өзінде e-Qonaq жүйесі арқылы 52 мыңнан астам шетелдік турист тіркеуден өткен», - деп атап өтті Дастан Рыспеков.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай, карантиндік шектеулер мен қаңтар оқиғасына байланысты отандық туризмнің көрсеткіштері пандемияға дейінгі деңгейге жете алмай отыр. Комитет төрағасы «UNWTO» болжамдарын негізе ала отыыра, халықаралық туризм саласы 2024 жылға қарай толық қалпына келетінін атап өтті.

Сонымен қатар, Дастан Рыспеков брифинг аясында отандық туризмде жыл соңына қарай күтілетін нәтижелерге тоқталды. Мәлімдеуінше, биыл жыл соңына дейін ішкі туристердің саны 8 млн адамға жетуі мүмкін .



Соңғы жаңалықтар