Шетелдік жүк көліктерін тексерудің нәтижесі жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Қазақстанда ауыр жүк көліктерін тексеру 9 пайызға өсті. Ал анықталған заң бұзушылықтар саны үш есеге артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алты айда барлық аймақтық бөлімшелер 97 мың автокөлік құралын тексерді. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тексеріс 9 пайызға өсті. Орын алған заң бұзушылықтар саны 30 пайызға жоғарылады. Шығыс Қазақстан облысында тасымалдаушылардың заңды жиі бұзуы 55 пайыз болса, Қызылорда облысында - 48 пайызды, ОҚО-да - 41 пайызды, БҚО-да 40 пайызды құрады», - делінген ҚР ИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Жарты жыл ішінде халықаралық нормаларды сақтамаған үшін жауапкершілікке тартылғандар саны 680-ге жеткен.
Есептік мерзімде республика бойынша 45 мың шетелдік автокөлік құралы тексерілді. Ауыр жүкті елімізге және Қазақстан территориясымен Қырғызстан (14 мың тексеріс), Ресей (11 мың), Өзбекстан (3,6 мың) тасымалдаушылары өткізген.