Шетелдік журналистер ұлысаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің оң тәжірибесін атап өтті

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Ерәлі Тоғжанов шетелдік журналистер тобымен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат

 Шетелдік делегация құрамында испандық  «La Razón» газетінің жетекші талдамашысы Мария Повед Льорет, литвалық  «Vilniaus diena» газетінің және «Ziniu radijas» радиосының шолушысы Гинас Дабашинскас, австриялық «Furche» және «Falter» апталықтарының тілшісі Вэйсс Мичел болды.

Шетелдік масс-медиа өкілдері отандық  ұлттық  саясатты жүргізу тетіктеріне, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихына, мақсаттарына, міндеттері мен жұмысына ден қойды, оның халықаралық және ЕҚЫҰ құрылымдарымен ынтымақтастығы ауқымындағы өзара іс-қимылына қызығушылық білдірді.

Сындарлы диалог барысында қонақтар ұлысаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің оң тәжірибесін атап өтті және ол Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға ойдағыдай төрағалық етуі кепілдігінің бірі болатынын атап көрсетті.  

Соңғы жаңалықтар