Шетелдіктер жерді жекеменшікке алу үшін заңды айналып өте алмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазір қоғамда шетелдіктердің заңды айналып өтіп, жерді жекеменшікке алып кетуіне қатысты сұрақтар туындауда. Ресми дереккөздің хабарлауынша бұл мәселе заңнамада толығымен қамтылған.

Шетелдіктер жерді жекеменшікке алу үшін заңды айналып өте алмайды

Заңнамада ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға тыйым салған, сондай-ақ шетелдіктерге салынған шектеулердің айналып өту тетіктерін де ескереді.

Егер де шетелдіктер жеке меншігіне жалған неке арқылы қулығын асырып жерді сатып алуға тырысса, ЖШС үлесін сатып алу арқылы немесе екінші нарықта жерді сатып алғысы келсе әділет органдары бұндай жағдайларды тіркеу үшін қабылдамайды.

Заң тұрғысында, бұндай тіркеусіз жер құқығына иелікте туындамайды.

Сонымен, әділет органдарындағы тіркеу рәсімдері арқылы шетелдіктер үшін белгіленген шектеулердің сақталуын бақылайды.

Сонымен бірге, заңнамалық шектеу туралы шетелдік азамат және әлеуетті сатып алушы нотариусқа келісім жасауға келгенде де біледі.

Мемлекет нотариустың тыйым салуын, оларды жауапкершілікке тартумен белгілеген. Бұл кезде келісімдердің құқықтық салдары болмайды.