17:41, 15 Сәуір 2021 | GMT +5
Шетелдіктердің Қазақстан азаматы арқылы жерге иелік етуі мүмкін бе
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар арқылы шетелдіктердің жерге иелік жүргізу ықтималдығын Жер комиссиясы қосымша талқылауы керек. Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин «Хабар-24» арнасындағы «Сұхбат» бағдарламасында осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол енді Жер комиссиясының құзырында. Жер комиссиясының құрамына түрлі қоғам қайраткерлері, ауыл шаруашылығымен айналысып жатқан кәсіпкерлер, мемлекетік органдардың өкілдері бар. Сенбі сайын өтіп жүрген отырыстарда сол комиссия мүшелері жерге қатысты туындайтын барша мәселені пысықтап, талқылап, осыдан тиісті шешімдерді қабылдайды. Бірақ жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салынады. Президент ұсынған заң жобасының аясында осыдан туындайтын басқа да нормалар бар. Шетелдіктердің қандай да бір қатысуымен мүмкіндік беретін жолдардың бәріне осы заң нормасымен тыйым салынатын болады», - деді Ерлан Қарин.