Шетелдіктерге Ыстықкөлден демалыс үйін сатып алуға рұқсат беріледі

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда қолданыстағы заңнамаға шетелдік азаматтар мен компанияларға «Ыстықкөл» биосфералық аймағында орналасқан демалыс үйлері мен пансионаттарға меншік және пайдалану құқығын беруді көздейтін түзетулер қарастырылуда. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
None
Фото: shutterstock.com

Құжатқа сәйкес, Ыстықкөл курорттық-рекреациялық аймағын дамытуға шетелдік инвестиция тарту мақсатында шетелдік азаматтар мен шетелдік заңды тұлғаларға «Ыстықкөл» биосфералық аумағы шегінде пансионаттар, курорттар, демалыс үйлері, қонақ үйлер сатып алуға, сондай-ақ осы объектілер орналасқан жер учаскелерін уақытша пайдалануға рұқсат етіледі.
Осы заң жобасын қабылдау шетелдіктерге Қырғызстан Республикасының бүкіл аумағында, шекара маңындағы, оның ішінде ерекше мәртебесі бар аумақтарды қоспағанда, туристік салаға инвестиция салуға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар