Шетелдікті қонақүйге 40 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісі жұмысынан босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетел азаматын әуежайдан қонақүйге дейін 40 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісі жұмысынан босатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердиновке сілтеме жасап.

Шетелдікті қонақүйге 40 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісі жұмысынан босатылды

«Шетелдікпен болған жағдайдан кейін, такси жүргізушісімен шарт тоқтатылды. Ол қазір таксомоторлық паркте жұмыс істемейді», - деді ол.

Игенбердиновтың айтуынша, таяуда Астанада барлық такси қызметі үшін бірегей тариф енгізіледі.

«Қосымша жұмыстар жүргізіліп, барлық таксомоторлық компаниялардың басшыларын шақырдық, сөйлестік. Біз қазір шартты бірегей тариф енгізіп, токсомоторлық компаниялармен келісімге қол қойдық. Онда тарифтің мөлшерлемесі белгілі бір сомадан аспайтындығы көрсетілген», - деді Игенбердинов.

Ол шетелдіктердің нақты мекенжайға жол ақысының қанша болатындығын білуі үшін бұл ақпараттың вокзалдарда, әуежайда, қонақүйлерде таратылатынын атап өтті.