Шетелдік инвесторлар Қазақстан экономикасының қай саласына қаржы құюға ниетті
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазақстандық шетелдік инвесторлардың кеңесі» қауымдастығының директоры Жанна Байдашева қытайлық және америкалық инвесторлар Қазақстан экономикасының қандай саласында қаржы құюды жоспарлап отырғанын айтты.
«Бүгінгі кеңес «Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі» тақырыбына арналған. Бұған дейін Президент алдағы 5 жылдың ішінде Қазақстанға 400 млрд доллардан астам инвестиция тарту қажеттігін айтып, үлкен мақсат жүктеген болатын. Алдағы екі жылдың ішінде шамамен – 150 млрд доллар. Бұл өте үлкен сома. Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бері 417 млрд доллар тартқанын мысалға келтіре аламын. Бұл инвестицияның басым бөлігі Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамына кіретін негізгі компаниялар мен инвесторларға тиесілі», - деді Ерұлан Жамаубаев бүгін өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысы басталғанын жазған едік.